Content Stats & Analytics for @baurzhan_momyshuly
@baurzhan_momyshuly
Енді мен саған сәлемнің ең жолы үлкенін айтып берейін. Ол - шаңырақ сәлемі. Кісі үйіне келген адам үйде біреу болсын-болмасын амандасып кіреді. Үй иелерімен сыртта ұшырасып, есік алдында есен-саулық сұрасып алса да, табалдырықты аттай бере сол үйдің шаңырағына, отының басына сәлем береді. Қазақ халқы шаңырақты, табалдырықты және бесікті қасиетті санайды. Үй табалдырықтан басталады, шаңырақпен еңсе көтереді, бесікпен ұрпағы өседі. Әркімнің от жаққан, ұрпақ өсірген үйі - өзіне құтхана. Сондықтан келген адамның кісі үйін сыйлауы шаңыраққа сәлем беруден басталады. Алда-жалда сәлем бермей кіріп келуді қазақтар тексіздік көреді. Қайсыбір арғы жағын апырып, бергі жағын жапырып жүретін әңгүдік, кісілігі аз пенде болмаса, былайғы қазақ жұрты дәстүрден аттамаған. Рас, пиғылы арам жау немесе әдейі бәле іздеген бүйені қисық, бас араздығы барлар сәлемсіз кіруі мүмкін. Ерте кезде болжаусыз келіп қалған құдайы қонақ кісі үйіне баса-көктеп кірмейтін. Ат үстінде тұрып «кім бар-ау» деп, «тілдес», «сөйлес» деп үй сыртынан дыбыс беріп, есік алдында адам тұрғанын білдірген. «Сыйласаң сыйысымды боларсың» демекші, бұл да - өзгенің үйін қадірлеуі, шаңырағын құрметтеуі. Үй иелері аса бір пейілі тар, қуырылған қу шөміш сараң болмаса, сырттан үн естілген соң, кешікпей далаға шығады. Осыған орай Айдабол шешеннің: Сырттан келген мейманды, Сәлем беріп, қол алсаң, Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз», - деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, Екінші еткен құрметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп, құп алсаң, Үшінші еткен қызметің, - деп айтқаны бар. Қазақ әдептен аспай, кісі шаңырағын сыйлай білетін адамнан сәлемін де, ықылас-пейілін де аямаған. Бұл - ғасырдан ғасыр асып келе жатқан дала этикасы... Бауыржан Момышұлы Зейнеп Ахметова апамыздың “Бабалар аманаты” кітабынан алынды. #БауыржанМомышұлы #тарих #дәстүр #тәрбие #сәлем #алаш #ЗейнепАхметова #рекомендации #alash_ulandary
Similar Trending Contents from Other Creators
@qazaqtyn_naqyl_sozderi
@ekaterinateslia
@mama_osobennoy_dochki
@mama_osobennoy_dochki
@baurzhan_momyshuly
@elena_milava
@baurzhan_momyshuly
@a.mergenova
* Copyright: Content creators are the default copyright owners. These Images are published on public domains and respective social media for public viewing.
Need More Creators to Create Trending Contents for Your Influencer Campaign?
Discover Similar Creators Now!
Get @baurzhan_momyshuly's Instagram Account Statistics!
Check out the engagement rate, demographics profiles and interests of the audience of this instagram account and identify whether the creator has fake followers!
Unlock Full Report