Content Stats & Analytics for @baurzhan_momyshuly
@baurzhan_momyshuly
ТАРЛАН - Мен көзі жоқ батыр дегенге қосылмаймын, - деді Баукең ұзақ үнсіздіктен кейін жүзіме тура қарап. - Сергек ойсыз, әдіс-айласыз ешқандай ерлік болмақ емес. Мысалға Бекежанды алайық. Баукең: «Иги-гай-гай, иги-гай-гай», деп әндетіп, біраз үнсіз ойға батып, сөзін жалғады. - Бекежан Қыз Жібектің тұсына: - Болған соң өзім мерген кімді аяйын, Өлтіріп Төлегеннің атын алдым. Иги-гай-гай, иги-гай-гай, - деп келеді. «Кімді аяйын» дейді. Түсінесің бе? Жалғыз атты кедей. Оның әрі-беріден кейін бір қорғаушысы жоқ. Ал аналардың мыңдаған қолы бар. Тойыңды бұзам дейді. Түсінікті ме? Сонда жалғыздың қолынан мыңға қарсы не келеді? Бәрі үндей алмағанда, Қыз Жібек жауап береді. Сөзін жатқа білмеймін. Ол қазақ қызының образын философиялық шыңға көтереді. Оның бойынан барлық қазақ қызының намысын, ақылын, даналығын көреміз. Она с уважением относится к Бекежану. Қаруға қол созған ағаларын тоқтатады. Сондағы Қыз Жібектің ой-толғамы: «Мынау қарға емес, сендер жалғыз бүркітті қарға болып өлтірмеңдер. Бұл - сұңқар, сендер - қарғасыңдар. Сендерде әрі-беріден кейін намыс та жоқ екен», дейді. Сөйтіп Бекежанды өлтіреміз деп, анталаған ағаларына тыйым салады. Эпосты қайтадан оқып шыққын. Қазіргі зерттеушілер Бекежанды бандит істейді, әрі-беріден кейін өлтіреді екен ғой. Ерунда! Қыз Жібек өлтіртпейді. Вот где философия! Думан тойдың үстіне Бекежан өзі келеді. Тарлан емес пе? “Мен - халқымның Бауыржанымын” #БауыржанМомышұлы #қазақ #рекомендации #алаш
Similar Trending Contents from Other Creators
@qazaqtyn_naqyl_sozderi
@ekaterinateslia
@mama_osobennoy_dochki
@mama_osobennoy_dochki
@baurzhan_momyshuly
* Copyright: Content creators are the default copyright owners. These Images are published on public domains and respective social media for public viewing.
Need More Creators to Create Trending Contents for Your Influencer Campaign?
Discover Similar Creators Now!
Get @baurzhan_momyshuly's Instagram Account Statistics!
Check out the engagement rate, demographics profiles and interests of the audience of this instagram account and identify whether the creator has fake followers!
Unlock Full Report